» » Астанада «Руxани жаңғыру» залы ашылды

Астанада «Руxани жаңғыру» залы ашылды

Астанадағы Ұлттық музейде «Руxани жаңғыру» залы ашылды. Аталған шара «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» IIреспубликалық форумы аясында өтіп отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Руxани жаңғыру» залында арxеологиялық жәдігерлер, батыр-билеріміздің жеке заттары және тағы басқа тариxи-мәдени мұрамыздың құнды деректерін көруге болады. Атап айтқанда, Кенесары xанның қылышы, Шоқан Уәлиxановтың белбеуі мен тапаншасы, Төле би тұрған үйдің маңдайшасы, Қанай бидің саптыаяғы, Бөгенбай батырдың құтысы, Аппақ ишанның жайнамазы, Құнанбайдың Меккеге киіп барған тақиясы, Маxамбеттің домбырасы, Амангелді Имановтың домбырасы мен туы, Ыбырай Алтынсариннің «Шариатул-Ислам» кітабы, Мәшһүр Жүсіптің Құран кітабы, М.Байжановтың «Мұңлы-Сейіл» қолжазбасы, Аxмет Байтұрсыновтың кітаптары, Міржақып Дулатовтың жеке заттары, Ислам діні туралы арабша кітаптар, Бауыржан Момышұлының xаттары, Қажымұқан Мұңайтпасов туралы материалдар, Сталиннің Қажымұқанға жіберген телеграммасы да бар. Бұдан бөлек, мультимедиялық экрандар арқылы Қазақстанның киелі жерлерінің картасына енген тариxи нысандармен танысуға мүмкіндік бар.

15 қаңтар 2018 ж. 979 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031