» » Тарихымызды түгендеген туынды

Тарихымызды түгендеген туынды

  Ұлт көшбасшысы Н.Ә Назарбаевтың «Ұлы дала­ның жеті қыры» атты мақа­ласы тарихшылар мен қоғамдық ғылым өкілдеріне ерекше серпін беретін, тарихи сананы жаңғыртып, хал­қы­мыздың өткені мен болашағын айқындайтын бағдарлама болды. Демек тарихымызға терең үңіліп, түп-тамырымызды жете танып, оны алты таны­т­уымыз қажет. Мақала шын мәнісінде еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, үшінші мәрте жаңғыртушылық мәнге болып отыр. Біріншісі «Мәдени мұра» – тарихымыздың ақтаңдақ беттерін қалпына келтіру болса, екіншісі «Рухани жаңғыру» – ұлт тарихын жаңаша көзқараста жазу болды. Ал, үшіншісі «Ұлы даланың жеті қыры» –ата-бабалар ерліктерін мақтанышпен айқын насихаттайтын тарихи бағдарлама. Ата-бабамыздың әлемдік өркениетке қосқан үлкен жетістігінің бірі жылқыны қолға үйрету еді. Ең алғаш атқа міну қазақ жерінде басталғаны Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған жылқы сүйектерін зерттеу негізінде дәлелденді. Қазақ даласы – ежелгі металлургияның отаны. Металды балқытып, одан бұйым жасауды ата-бабаларымыз осыдан сан мың ғасыр бұрын меңгерген. Оны археологтар ғылыми тұрғыда дәлелдеді, қаншама құнды жәдігер табылды. Мемлекет басшысы «аң стилі» − ата-бабаларымыздың рухани байлығының айшықты белгісі» деген болатын. Біздің өңірімізде ерте темір дәуірінде  Арал өңірі мен Сырдария бойында сақтар  мекендеген. Жерлеу орындарынан бұғы, киік, жылқы, таутеке, қабан, арыстан, барыс, жыртқыш құс, түйе бейнеленген аң стиліндегі мүліктер табылды.  Төртінші  қыры – қазақ даласының феномені Алтын адам. 1969 жылы Есік қорғанынан табылды. Алтын адам дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын дәлелдейтін  бай мифологияны паш етті. Біріншіден, сол дәуірдегі қолөнердің дамығанын айғақтайды. Екіншіден, қойнауы қазынаға бай еліміздің металы сол кездің өзінде сұранысқа ие болғанын дәлелдеп отыр. Бесінші қырында «Түр­кі – әлемнің бесігі» деп осынау ұланғайыр жер ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Еуразия кеңістігінде Түркі халықтарының үстемдік құрған кезеңінде Ұлы Жібек жолы өз гүлдеуінің даму шегіне жетті. Осылайша жалпы жаһандық деңгейде экономика, мәдениеттің өркендеуіне сүбелі үлесін қосты. Ұлы даланың жетінші қырын «Қазақстан алма мен қызғал­дақтың отаны» деп көрсетті. Бүгінде Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың "тарихи отаны" екені халықаралық сараптама арқылы дәлелденді. Дүние жүзі үшін өзіндік мән-маңызы зор алма мен қызғалдақ осы қазақ даласынан өсіп-өніп, жер жүзіне таралған.
         Түйіндей келгенде Елбасымыз мақаласы арқылы бүгінгі қазақтардың тарихи санасын жаңғыртып, күнделікті өмірде өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін арттыру қажеттігін айтты. Ұлттың бойындағы әлі ашылмаған ресурстарды пайдалану қай халыққа болса да оңай емес. Өскелең ұрпақ тұңғыш Президентіміздің мақаласын басшылыққа алу керек.
Қуандық Үсенбеков,
№110 мектеп-лицей мұғалімі
02 маусым 2019 ж. 1 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031