Жылқыны алғаш қолға үйреткен адамдар қазақ жерінде өмір сүрген
Археологтардың пайымдауынша, бұл жайындағы тың деректерді Павлодар облысының Май ауданынан табуға болады. Өйткені Ертіс өзенінің жағалауында сақ қорғандары көптеп кездеседі. Солардың бірі «Қол-басын мұнарасы». Сонымен қатар тас дәуіріндегі адамдардың қонысы қола дәуіріне жататын обалар әлі күнге дейін толық зерттелмеген «Қалмақ қырған» тауын да атап өтуге болады. Бұл аумақты ғалымдар ұзақ жылдар бойы зерттеп келеді. Аса танымал ескерткіштер киелі жерлер тізіміне енді. Жергілікті билік Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен бірлесіп туған жердің тарихын зерттеуге арналған ғылыми орта құрмақ. Виктор Мерц, С.Торайғыров атындағы ПМУ археологиялық зерттеулер орталығының директоры: - Біз бұл бағытта қандай жұмыстар атқара аламыз? Мәселен, жылқыны қолға үйрету кезеңі қалай жүзеге асты? Біздің мақсатымыз осы кезеңмен байланысты тарихи ескерткіштерді табу және де кең байтақ қазақ даласы бүгіп жатқан құпиялардың бетін ашу. Менің ойымша тек Солтүстік Қазақстандағы «Ботай» қонысында ғана емес ондай ескерткіштер біздің өңірімізден де шығады. Аққулы, Баянауыл, Май аудандарында бүтіндей бір мәдениеттен хабар беретін нысандар бар. Осы категория бойынша: « Атырауда ҚХА мүшелері Елбасы мақаласындағы идеяларды жүзеге асырады Ақмола облысында қант диабеті ауруы белең алып барады »