» » Отандық өнер жұлдыздары екі отбасыға үй алып берді (фото, видео)

Отандық өнер жұлдыздары екі отбасыға үй алып берді (фото, видео)

  Отандық өнер иелері қасиетті Рамазан айында екі отбасыға екі үлкен үйдің кілтін табыс еткен. Жұлдыздардың қайырымдылығы жайлы Ақбота Керімбекова Instagramпарақшасында мәлім етті.
"Қайырлы кеш, қазағым. Бүгінгі күніміз үшін Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Қасиетті айымызда өнердегі аға-әпкелеріміз, достарымыз, бауырларымыз жиналып, екі отбасыға екі үлкен үйдің кілтін табыс еттік. Бар қазағыма Алла үйлі, балалы-шағалы болуды нәсіп етсін", - деп жазды Ақбота Керімбекова.
Видеодан Мақпал Жүнісова мен Ерғали Әбдірайымовты, Ақжол Мейірбеков пен Ақбота Керімбекованы, еліміздің бас мүфтиі Серікбай қажы Оразды көруге болады.
Сондай-ақ өнер иелері екі үйдің балаларына ойыншықтар мен велосипед сыйлаған.
Желі қолданушылары өнер иелерінің игі бастамасына қолдау білдіріп, алғыс айтқан.
"Ниеттеріңіз қабыл болсын", "Жарайсыздар", "Екі отбасы үшін қуаныштымыз", "Алланың назарында болыңдар. Үнемі халықпен бірге жүрсеңдер, халықта сендерді өздері көтеріп жүреді. Жақсылықта жарысқан қандай күшті", "Алла разы болсын" деп жазды.

03 маусым 2019 ж. 1 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031