» » Ауызашарда балалар үйінде концерт берген Заттыбекке ел риза болды

Ауызашарда балалар үйінде концерт берген Заттыбекке ел риза болды

  Ауызашарда балалар үйінде өнер көрсетіп, сәбилерге қуаныш сыйлаған Заттыбек Көпбосынұлына көпшілік алғысын жаударды. Әнші қайырымдылық шарасындағы сәтпен өзінің Instagram парақшасында бөліскен.
"Кешегі ауызашарды Төле би ауданындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге өткіздік. Әрі балалардың көңілдерін көтеріп қайтуға атсалысқан бауырларыма інілеріме Алланың разылығы болсын. Оразаларыңыз қабыл болсын", - деп жазды әнші.
Заттыбек Көпбосынұлының бұл әрекетіне желідегілер де ризашылық танытып, тілектерін жеткізген.
"Алла разы болсын, бауырым! Жапырығың жайылсын. Осындай көп балалы бол", "Балалар мәз болып қуанып жатыр", "Балалардың қуанып, билеп жүргенін көріп, көзіме жас келді", "Заттыбек, Алла разы болсын"."Алла разылығына бөленіңіз", "Сіз балаларды қуантсаңыз, Алла сізді нұрына бөлесін", "Жарайсыз!", "Ер адам осындай болу керек", "Осы балаларға сыйлаған қуанышыңыз, өз балаларыңызға қуаныш болып қайтсын!", "Сіздің өнеріңізді жоғары бағалаймын", "Деніңіз сау болсын", "Сауапты істеріңіз көп болсын" деп жазды желі қолданушылары.

26 мамыр 2019 ж. 912 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930