Талай арудың арманына айналған әйгілі түрік актері жайлы не білеміз? (фото)
Түркиялық актер Бурак Озчивит бірнеше жылдың ішінде-ақ әлемдегі арулардың жүрегін жаулап үлгерді. Мансабын сән әлемінен бастаған сымбатты әрі сексуалды актер алғаш рет "Сұлтан Сүлеймен" телехикаясында бой көрсетіп, үздік түрік сериалдарының нышанына айналды.
Бурак Озчивиттің өмірбаянында аса қатты ерекше тұстар байқалмайды. Алайда, оның өмірінде табынушы қыздарға ұнайтын қызықты деректер жетерлік.
Олардың қатарында:
- Түрік актері оңтүстік-шығыс Түркияда орналасқан Мерсин қаласында дүниеге келген. Дүниеге келген соң біраз уақыттан кейін Бурак ата-анасымен және әпкесі Бурджунмен бірге Стамбұл қаласына көшіп келеді. Актердің әкесі мейрамханалық кәсіппен айналысса, анасы үйде бала тәрбиесімен отырған;
- Бүгінде Озчивиттердің төртінші ұрпағы кебаб мейрамханаларының иесі болып отыр. Отбасылық дәстүрді жалғастыру үшін Бурак та жеке кәсібін ашқан. Актердің өзі "Бали-бей" деп аталатын мейрамханасына аптасына кем дегенде бір рет барып, тамақтанады. Алайда, ондағы келушілер тағамдарға қарағанда жұлдызбен жүздесуді армандайтын сыңайлы.
- Кішкентай кезінде Бурак таңнан кешке дейін теледидар алдында отырып, супербатырларды тамашалаған. Әсіресе, ол кейіпкерлердің ішінде мықты әрі ешкімнен қорықпайтын Бэтмен болғысы келіпті.
- Озчивит Мармар университетінде кино, бейнелеу өнері және фотография саласында білім алған. Алайда, актер мансабын сән әлемінен бастаған екен. Осылайша, ол 2003 жылы "Түркияның үздік моделі"атағын, ал екі жылдан соң "Әлемдік үздік моделі" атағын иемденді. Ең қызығы, өзін сенімсіз болған актердің суретін байқауға әкесі жіберген екен.
- Бурактың фильм мансабы 2006 жылы "Минус 18" картинасындағы кішкентай рөлден басталған. Одан кейін бірнеше фильмдерде бой көрсеткен актердің жұлдызы "Сұлтан Сүлеймен" фильміндегі Малкочоглу Бали Бейдің рөлінен кейін жанды. Аңызға айналған осман әскери қызметкері кинодағы мейірімді келіншектер мен көрермендердің сүйікті актеріне айналды. Ал оның келесі табысты жобасы "Королек-птичка певчая" фильмі болған еді.