» » «Өнерім саған, Қазақстан» жастар фестивалі өткізілді

«Өнерім саған, Қазақстан» жастар фестивалі өткізілді

  Қызылорда облысының жастар саясаты мəселелері басқармасы жəне "Қызылорда облысының жастар Одақтары" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен сол жағалауда орналасқан "Жастар орталығы" ғимаратында өмірге құштар ерекше жандар қатысуымен өнер фестивалі ұйымдастырылды. Арнайы байқау 2 кезең бойынша өткізілді. 1 кезеңде еркін тақырыпта əн шырқаса, 2 кезең бойынша патриоттық əндерімен сынға түсті. Байқау қорытындысы негізінде үздік өнер көрсетіп, белсенділік танытқаны үшін Ғалымжанұлы Мағжан, үздік 3 орынды Шонабаева Арайлым, 2 орынды Ешнияз Динара, жəне жүлделі 1 орынды Өміртай Əкімжан иеленді. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар жəне дипломдармен табысталды. Айта кету керек өнер фестиваліне қаламыздағы Талсуат оңалту орталығы, соқырлар қоғамы және қала аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар қатысты.
Сонымен қатар өнер фестиваліне облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасының өкілі Гүлнар Сарсенбай жастар жылы аясында өмірге құштар ерекше жандарға жасалынған мүмкіншіліктерді айта өтіп, жаңадан пайдалануға берілген «жастар орталығы» жастарға тұрақты түрде қызмет жасайтынын жəне арнайы қызмет түрлерін жеткізді. Сондай-ақ арнайы қонақ ретінде шақырылған «Жылы жүрек» еріктілер тобының жетекшісі, белсенді жас Сағатбек Қуанышбайұлы қатысушыларға алғысын білдіріп, сəттілік тіледі.
03 маусым 2019 ж. 838 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031