» » Қазалылықтар репрессия құрбандарын еске алды

Қазалылықтар репрессия құрбандарын еске алды

  Әйтеке би кентіндегі «Асандар көтерілісі» ескерткішінің жанында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай шара өтті.
Шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев сөз сөйлеп, қасіретті жылдары Кеңес Одағының солақай саясатының кесірінен қазақтың бетке ұстар азаматтары жазықсыз жапа шеккенін тілге тиек етті.Тәуелсіздік жолында жаны құрбан болғандардың қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлері Тұрар Рысқұлов, Бейімбет Майлин, Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгіров сынды көптеген асыл азаматтарымыз бар.
– Бұл қасірет біздің өңірімізде де оңайшылықпен өткенжоқ. Қазалылықтар арасында кезінде білім бөлімін басқарған Нұржан Баубеков, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазмұхамед Күлетов сияқты 400-ге жуық жерлестеріміз қуғын-сүргін құрбаны болды, – деген аудан әкімі жазықсыз жаланың құрбаны болған азаматтарды еске алып, оларға тағзым ету – біздің қасиетті парызымыз екенін жеткізді.
Қасірет пен зобалаң шақтарда құрбан болған азаматтарға тағзым етуге арналған шарада театрландырылған көрініс көрсетіліп, нәубетті жылдары қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
04 маусым 2019 ж. 690 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031