» » "Шымкенттік тойда": Айқын Жұлдыз Өмірғалимен қалай танысқанын айтып берді

"Шымкенттік тойда": Айқын Жұлдыз Өмірғалимен қалай танысқанын айтып берді

  Айқынның екінші отбасына қатысты бұрын-соңды беймәлім болған ақпаратымен бөлісті. Әнші "Хабар" арнасының "Ережесіз әңгіме" бағдарламасында Жұлдыз Өмірғалимен қалай танысқанын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің сөзінше, олар Шымкенттегі тойлардың бірінде танысқан.
"Жұлдызбен тойда таныстық. Шымкенттегі тойда қарама-қарсы отырып қалдық. Қарадым. Сөйтіп таныстық. Instagram парақшасының direct-іне жаздым. Негізі бәрін өзім бастадым. Бәрін өзім құртқанмын", - дейді Айқын.
Ал бағдарлама жүргізушісі әншіден: "Ол кезде әйеліңіздің аяғы ауыр болды? Бірге клип түсіріп жүргенсіз", - деп сұрақ қойған.
Айқын бұл оқиғаның клиптен кейін болғанын жеткізді.
"Жоқ кейінірек болды. Негізі бәрін өзім бүлдіргенмін. Өзім солай шештім. Оған да бір себептер бар ғой. Ол себептерді мен камераның алдында айтып отырмаймын ғой", - деді Айқын Төлепберген.
Еске салсақ, 2017 жылы желіде Жұлдыздың қыз ұзату тойының видеосы пайда болған. Онда Айқын күйеу бала ретінде жүреді. Әншілер бұл ақпаратты жоққа шығарғанымен, кейіннен  редакциямызға Түркия елінде бірге демалып жүрген Айқын мен аяғы ауыр  Жұлдыздың  суреті келген. 
Алайда көп ұзамай Жұлдыз Өмірғалидің өмірге сәби алып келгені анықталды.
Ал өткен жылы қарым-қатынастарын жасырын ұстаған жұлдыздар бұл қуанышын тұнғышының бір жасқа толу мерекесінде бір-ақ хабарлады.
05 маусым 2019 ж. 1 646 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031