» » Өз пәтерінде қайтыс болған адамның мүрдесі табылды

Өз пәтерінде қайтыс болған адамның мүрдесі табылды

  Ақтөбеде қайғылы жағдай орын алды. Қорғаушы азаматтың 24 жастағы ұлы өз үйінде өлі күйінде табылған деп хабарлайды "Актобе Таймс"-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Марқұмның анасының айтуынша, ол баласымен соңғы рет 31 наурыз күні көріскен екен.
«1 сәуір күні ол әпкесінің туған күніне, Алғаға келемін деп уәде берді. Біз оны күтіп, тәулік бойы хабарласумен болдық. Ол телефон тұтқасын көтермеді», - деп баяндады анасы.
Әбден уайымға салынған әйел Ақтөбедегі туыстарынан ұлының үйіне барып, бәрі дұрыс екеніне көз жеткізіп қайтуларын сұрайды.
Пәтерге барған жақындары жігіттің еденде қанға бөгіп жатқанын көреді. Олар бірден полиция шақырып, бозбаланың әкесіне хабарласады.
Кейіннен оның жарақат алып, қайтыс болғаны және денесі тәуліктен аса уақыт бойы жатқаны анықталған.
Тәртіп сақшылары болжам бойынша күдіктіні ұстады. Ол үш баланың анасы - 48 жастағы әйел екені белгілі болды. Ең сорақысы, күдікті келіншек марқұм жігіттің көршісі екен.
Қамауға алынған әйелдің туыстары бұл оқиғаға қатысты өз нұсқалары бар екенін мәлімдеген. Бірақ оны тек сотта айтатын көрінеді.
Басылымның жазуынша, кісі қолынан қаза тапқан жігіт универсиетте заңгерлік факультетте білім алған. Ол сабақтан бос уақытында әкесіне қорғаушылық қызметте көмектесіп жүріпті.
09 маусым 2019 ж. 1 477 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031