» » "25 мыңнан жинап алды": Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауға қалды

"25 мыңнан жинап алды": Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауға қалды

  Әлеуметтік желіде байқау ұйымдастырып, біраз адамды тақырға отырғызып кеткен әнші Төреғали Төрәлі заңмен жазалануы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Құрметті, достар! Әр адамның өзінің арманы болады, сол армандарыңыздың орындалатын сәті туып тұрған сияқты. Достарымыздың ұйымдастырып жатқан шынайы байқауы басталғанын хабарлаймын. Сәттілік серіктеріңіз болсын. Жеңімпаз мүмкін сіз боларсыз», - деп бейнежазба қалдырған Төреғали Төрәлінің басы дауға қалды.
Осы бейнероликтен кейін, байқауға қатысқан біраз адамдар әнші бізді тақырға отырғызды деп, заңгерлерге жүгінген көрінеді. Бұл туралы белгілі заңгер инстаграм парақшасында жазба қалдырып, ішкі істер органынан жаза тағайындауын сұрап отыр. 
«Біз қартайсақ та, Төреғали Төрәліге алданып қалдық. Ол байқау ұйымдастырамыз деп, бәрімізден 25 мыңнан жинап алып, енді ГИВ та, басқа да жоқ», - деп шағымданды жұрт.
Табысы жыл санап еселеніп келе жатқан әншінің елді алдап кеткеніне сену қиын. Аңдамай сөйлеу - әншілердің әдеті. Төрештікі де сондай аңғалдық шығар.
09 маусым 2019 ж. 1 011 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031