Алматы-Жетіген тас жолында ер адамды бір көлік қағып, екіншісі басып кетті

Оқиға 9 маусым күні кешкі 21.30 шамасында болған.
Toyota Camry жүргізушісінің сөзінше, жарықтанбаған жол бойында біреудің сұлбасын байқаған. Ол тоқтауға тырысқан, алайда көлік айнасымен жаяу жүргіншіге тиіп кеткен.
Соққыдан ер адам жолға құлаған. Сол сәтте жаяу жүргіншіні Lexus IS көлігі басып, бірнеше метрге сүйреген.
Lexus жүргізушісінің сөзінше, ол соққыны да, жаяу жүргізушіні де байқамаған.
Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ол жұмыстан шығып, жарықтанбаған жол бөлігімен өтіп бара жатқаны анықталды.