Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар слеті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп ұйымдастырған слет аясында мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар көрмесі өткізіліп, кәсіби бағдарлану бойынша сала мамандары кеңес берді. Сондай-ақ, жастар мен жастар қоғамдық бірлестіктеріне мемлекеттік сатып алу бойынша тегін семинар ұйымдастырылды.
Облыстың барлық аудандары мен шалғай ауылдарынан да делегаттар қатысқан слеттің салтанатты жиыны Департамент басшысы Абзал Мұхимов алғы сөзімен ашылды. Слет барысында облыстық жастар ресурстық орталығының директоры А.Сабанбаев, «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж.Тұсмағамбетов баяндама жасады.
Сонымен қатар Департамент жанынан «Жемқорлықты жоямыз» ұранымен «Жастар қозғалысы» жастар қанаты құрылды.
Слет қорытындысымен сырбойылық жастар «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасына қолдау білдіріп, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа ашықхат жолдады.