ТАҚ ТАЛАСТА "ЛИВЕРПУЛЬ" ЖЕҢДІ

Екінші бөлікте Почеттино шəкірттерінің шабуылы ширай түсті. Егер Алиссон болмағанда Ливер кемі екі гол жіберіп тынар ма еді?! Эриксен шиіре тепкен допты алып шықса, Моура мен Сон Хын Миннің тепкендерін қиналмай тосты. Матчтың нүктесін 87 минутта тыңнан қосылған Дивок Ориги қойды. Бұрыштама добынан кейін "Тоттенхэм" қорғаушыларының қателігін тиімді пайдаланған ол допты алыс бұрышқа қадап тепті. Бұл соққыға Льорис еш қауқар таныта алмады.
"Ливерпуль" – "Тоттенхэм" 2:0
Гол салғандар: М.Салах, 2 мин (пенальтиден), Д.Ориги, 87 мин.