Мейірімді Майя
Менің досымның аты – Майя. Ол – менің сыныптасым. Ол өте жақсы, тәртіпті, мейрімді қыз. Екеуміз мектептен бірге қайтамыз, демалыс күндері бірге сабақ оқимыз, қыдырамыз, бос уақытымызды бірге өткіземіз.
Майя – үлгілі оқушы. Сыныпта бәрімізге көмектесіп, үнемі қол ұшын беруге дайын тұрады. Оның мінезі өте сабырлы, сыпайы. Біз бір бірімізді ренжітпеуге тырысамыз. Мен досыммен өткізген әрбір сәтімді бағалаймын. Өмірімде Майя сияқты досым болғанына мақтанамын. Мен досымды қатты жақсы көремін.
Анель МАРАТҚЫЗЫ,
№12 орта мектептің
1 сынып оқушысы