Азия чемпионатында қазақстандық жас боксшылар 10 алтын медаль иеленді

Бұл көрсеткішпен Қазақстан басқалардан оқ бойы ұзап кетті. Таиландта төрт алтын, Үндістанда үш алтын, Өзбекстан, Вьетнам, КХДР бір-бір алтыннан алды.
Азия чемпионы атанған жерлестеріміз: Махмуд Сабырхан (49), Талғат Шайкен (64), Ермахан Жакпеков (69), Сағындык Тоғамбай (81), Айбек Оралбай (91), Дамир Тойбай (+91), Жансая Абдраимова (51), Надя Рябец (75), Гузаль Садықова (81) және Дина Исламбекова (+81).
Күміс медаль алғандар: Нұрбек Оралбай (75), Майя Бейсебаева (69), Айзада Исламғали (54), Еркежан Даулетжанқызы (57).
«Қола» - Бейбарыс Жексен (56), Әнел Құдайберген (48), Мария Гладкова (60) және Жұлдыз Тойықова (64)