» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

  Бiз жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол қоғамда түбегейлi шешiмiн таппаған – сыбайлас жемқорлық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық.

Кез келген адам өзінің сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасының мән-мағынасын анық та айқын ұғыну тиіс. Соған сәйкес тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлқы, болмысы, іс-әрекеті қалыптасады. Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптасқан адам жемқорлықтың қоғам мен мемлекет, әрбір адам үшін қаншалықты қауіпті екенін сезініп, бұл құбылысқа қарсы тұратын болады. Осылай, осы  дерттің жойылуына үлес  қосуына алып келеді. Мұның өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтардың саяси  белсенділігін көтеруге ықпал ететінін көрсетеді.
Бұл ретте техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаментінде  Сыбайлас жемқорлықты болдырмау  және алдын алу бағытында тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Департаментпен  2019 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде  іс-шаралар жоспары қабылданды. Осыған сәйкес мемлекеттік инспекторларға сыбайлас-жемқорлықты болдырмау жөнінде әрдайым  инструктаждар өткізіледі.  Қызметкерлер үнемі  департаментте және басқа да мемлекеттік  органдарда өткізіліп тұратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған  семинар-кеңестерге қатысып тұрады. Департамент  басшысымен  техникалық реттеу және метрология  мәселелері бойынша  азаматтарға жеке қабылдау жүргізіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жұмыстары жасалады, үнемі жалғасын табатын болады.
Жалпы мемлекеттік  қызметкердің атына кір келтіретін мұндай әрекеттерден әркімнің  де аулақ болғаны жөн. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық  борышы деп білу керек.
 
 
Әуелбек  Қамзаев,
                                                                Техникалық реттеу және метрология комитетінің
           Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы
01 ақпан 2019 ж. 679 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031