» » Вокал шебері Айқынға: "Тілің жағыңа жабысып тұрғандай"

Вокал шебері Айқынға: "Тілің жағыңа жабысып тұрғандай"

  Отандық бағдарламада байқауға қатысқан Айқын Төлепбергенді вокалист Луиза Ахметқызы қатаң сынға алды деп жазады "Беу" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бағдарлама барысында Айқын Төлепберген мен Жолдасбек Әбдиханов ән сайысына түскен.
Алайда қазылар алқасындағы Луиза Ахметқызы есімді вокалист Айқын Төлепбергеннің ән орындауын 3-ке бағалаған.
"Әрине, сенің жанды дауыста ән айтып тұрғаның құрметтеуге тұрарлық. Мен ондай әншілерді өте қатты сыйлаймын. Себебі, бұл үлкен еңбек. Сенің орындауыңдағы мына әнге бес қояр едім.
Алайда, ренжіме. Техникалық жағына үңілсек, үш деген баға беремін.
Себебі, әншінің дауысымен қатар, жағы, жалпы денесі түгел жұмыс істеуі керек. Ал сенде жоғарғы дыбысты ноталар кеудеңнен қысылып шығып, тілің жағыңа жабысып тұрғандай күйде орындадың.
Негізі дауысыңның тембры өте ерекше. Орындау шеберлігің де жақсы. Мен сені әнші ретінде қатты құрметтеймін. Сондықтан дауысыңды күнде жаттықтырып отыр дегім келеді. Осыған мән беріңіз", -  дейді Луиза Ахметқызы .

24 маусым 2019 ж. 578 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031