Ауыл жастарын әлеуметтендіру
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша "Ауыл жастарын әлеуметтендіру" әлеуметтік жобасының аясында "Ай-Қанат" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Арал ауданының Қамыстыбас, Аралқұм, Райым, Жетес би және Қосжар ауылдық округтерінде көшпелі қоғамдық қабылдау, жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу, "Құқықтық сауаттылық - қоғам мәдениеті" тақырыбында семинар-тренинг, "Мен спортты таңдаймын!" тақырыбында ұлттық спорт сайыс және жастар жылын атап өту мақсатында мерекелік концерт сынды 25 шара өткізілді. Ұйымдастырылған шаралар аясында 1000-ге жуық жас қамтылды.