» » Бірлік ауылында жастар бас қосты

Бірлік ауылында жастар бас қосты

   Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша "Ауыл жастарын әлеуметтендіру" әлеуметтік жобасының аясында "Ай-Қанат" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 15 маусым күні Жаңақорған ауданы Ақүйік ауылдық округі Бірлік ауылында облыстық ауыл жастарының слеті өткізілді.
Слетке Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласының қоғамдық ұйым белсенділері, "Дипломмен ауылға!" бағдарламасы аясында жұмысқа орналасқан жас педагогтар, жас кәсіпкерлер, жұмысшы жастар және жастар орталықтарының өкілдері барлығы 150-ге жуық адам қатысты.
Слет аясында қатысушы делегаттар Бірлік ауылы жастарының қолымен жасалған игі бастамалардың куәсі болды. Атап айтар болсақ ауыл стадионы, мешіт, жастар саябағына экскурсия жасалып, еркін форматта пленарлық отырыспен жалғасын тапты.
16 маусым 2019 ж. 1 065 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31