» » "Қоршап, тепкіледі": Шымкент мешітінде журналистерге шабуыл жасалды (видео)

"Қоршап, тепкіледі": Шымкент мешітінде журналистерге шабуыл жасалды (видео)

  Арыс тұрғындарына арналған эвакуациялық пунктердің бірінде оннан аса адам "Vласть" басылымының журналистеріне шабуылдады. Олар ақпарат өкілдерінің камераларын тартып алмақ болған. Орын алған қақтығыстың видеосын тілші Қанат Бейсекеев өзінің Instagram парақшасында жариялап қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға эвакуацияланған арыстықтар орналастырылған Шымкентмешітінде орын алды.
Бейсекеевтің айтуынша, журналистерге шабуыл жасағандар камераларды тартып алмақ болған.
"Достар мен бар болғаны өз жұмысымды істедім. Мына жерде сұмдық болып жатыр. Қазақстар бір-біріне қарсы шығуда" , - деді Қанат видеода.
Нәтижесінде журналистерді ашуға булыққан көпшіліктен тәртіп сақшылары құтқарып қалды.
Тілшінің сөзінше, репортаж түсіріп жатқан сәтте оларға бір топ адам шабуылдаған. Анықталғандай, олар мешітте еріктілерге көмектесіп жүргендер болып шықты.
Олардың бір-бірімен ұрысып жатқанын түсіргеніміз біреуге ұнамаған болу керек. Барлығы бізді қоршап, тепкіледі. Камераны сындыра жаздап, флешкамды тартып алғысы келді" , - деді тілші.
Кейіннен журналист видео жүктеп, өзінің Алматыға аман-есен оралғанын жеткізді.
"Бәрі жақсы. Аман-есенбіз. Бар болғаны жағымсыз оқиға" , - деді Бейсекеев.
Tengrinews.kz жазуынша, қақтығысқа 50 адам қатысқан. Сонымен қатар, Бейсекеев өзіне жасаған шабуылға бола полицияға арыз түсірмейтінін жеткізді.
Шымкенттің әкімшілігі мен полициясы оқиғадан хабардар.
26 маусым 2019 ж. 3 429 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031