» » ҚР БҒМ қамауға алынған министрдің көмекшісіне қатысты түсінік берді

ҚР БҒМ қамауға алынған министрдің көмекшісіне қатысты түсінік берді

  ҚР Білім және ғылым министрлігі қамауға алынған ведомство басшысының көмекшісіне байланысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
«Ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыруда күдікке ілінген Білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының көмекшісі меморганның штаттық санындағы шектеулерге байланысты министрдің көмекшісі ретінде тіркеуде болған. Жауапты хатшының көмекшісіне қатысты біраздан бері тергеу амалдары жүргізілген болатын», - делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінде.
 Сонымен қатар ведомство өкілдері ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ешқандай тағайындау немесе жұмыстан босату шараларын жүргізбегенін хабарлады.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру фактісі анықталғанын және ҚР Білім және ғылым министрінің көмекшісі ұсталғанын мәлім еткен болатын.   
30 маусым 2019 ж. 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031