» » «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІНЕ ҚАНДАЙ ЖЕҢІЛДІК ҚАРАСТЫРЫЛМАҚ?

«АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІНЕ ҚАНДАЙ ЖЕҢІЛДІК ҚАРАСТЫРЫЛМАҚ?

 Оқу грантын алуда «Алтын белгі» иегері тек бір ғана басымдыққа ие болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, өткен жылдары «Алтын белгі» иегерлеріне грант тағайындалғанда толық басымдылыққа ие болатын.
«2017 жылдан бері ҰБТ-ның жаңа форматын енгіздік. Осыған сәйкес, аттестатты алу мектеп қабырғасында өтеді, сонымен қатар «Алтын белгіні» де мектеп өзі береді. Яғни, бұл шаралар мектепте тапсырылған емтиханға байланысты. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеу бүгінде жаңа функцияға ие. ҰБТ тек қана жоғары оқу орнына түсу үшін жүзеге асырылады. Түлек ЖОО-ға ҰБТ-ны тапсырғанда оның «Алтын белгісі» қолында болады. Енді биылғы ұсыныс аясында «Алтын белгі» иегерлері балл ұпайлары тең болған жағдайда ғана басымдық беріледі», – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.
Осы орайда екі түлек бір мамандыққа бірдей ұпаймен барса, ол кезде грант бойынша басымдық «Алтын белгі» иегеріне беріледі.
Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұған дейін бұл ұсыныс мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан пысықталды.

14 наурыз 2018 ж. 1 582 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031