» » OPEN SPASE: НӘТИЖЕ КӨП, КҮДІК ЖОҚ

OPEN SPASE: НӘТИЖЕ КӨП, КҮДІК ЖОҚ

Бір қарағанда-ақ мұндай кеңсені оп-оңай бақылауға болады. Қызметкердің жұмыс барысындағы кез-келген әрекеті көз алдыңызда. Тіпті кезекте тұрғанда күдіктеніп, жауапты маманның мазасын алмайсыз. Бұл ‒ Open Spase форматында бой көтерген ғимараттың алғашқы ерекшелігі. Осы аптада қызмет барысындағы сыбайлас жемқорлықты, жең ұшынан жалғасқан түрлі қылмыстың алдын-алу мақсатында қала аумағында салынған ашық кеңістіктегі мекеменің халыққа қаншалықты пайдалы екенін сараптап көрдік.
Әйнектің әйгілі тарихы
Ғаламтор мәліметтеріне сүйенсек, Open spase форматындағы кеңсенің жобасын ең алғаш Даффи Франк ойлап тауыпты. 1962 жылдың көктемінде архитектура факультетінің IV курс студенті Даффи Германияда жасалған бір тәжірибе туралы оқып, суреттеріне  ерекше азар аударды. Даффи ол жердегі үстелдің үйлесімін, құмырадағы гүлді, едендегі кілемді есіне алды. Нәтижесінде  оның ашық кеңістіктегі офис жобасы Лондон сәулетшісінің назарына ілігеді, себебі заманауи тұрғыда Даффидің ашық кеңістікті ұсынған жобасы өзгелерден ерекшеленіп тұратын.
Бір қызығы, Open Spase форматындағы алғашқы кеңселер алғаш осыдан жүз жыл бұрын бой көтере бастапты. Ал Даффидің жобасы америкалықтарға  қатты ұнайды, себебі ол қарастырған қызметкерлер кеңсесі оқушылар сыныбын еске салатын, бірақ  ол жерде мұғалім болмайды. Егер ашық кеңістіктегі кеңседе кімде-кім қызметін жақсы атқарса жоғары деңгейге көтеріліп жеке кабинеттерді иленді. Ал басшы мамандардың үстінен қарап, жиі бақылап отыруға мүмкіндік алыпты.
Ал көршілес Ресей жерінде ашық кеңселер 90-шы жылдардың ортасында бой көтере бастапты.
Ашық кеңістіктің артықшылығы
Қазіргі уақытта «Open spase» форматындағы кеңселерді кез келген қаладан кездестіруге болады. Ол жерде әріптестер бір үйдің баласындай бір жерге топтасып, ортақ жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, ашық кеңістікте әріптестер арасында ыңғайлы қарым-қатынас орнайды. Қызметкерлерге жекеленген кеңселерде емес, жақын жерде отырып кеңесу әлдеқайда қолайлы. Яғни жұмыс барысында сіз өз әріптесіңіздің мүмкіндігін бағалай аласыз, егер оның қолы бос емес болса алаңдатпаудың амалын қарастырасыз.
Жұмыс барысында түрлі жағдай орын алған сәтте оны шешудің де мүмкіндігі жоғары. Себебі ашық кеңістікте әріптесіңмен хабар алмасу оңай, сол үшін де маңызды мәселе уақытында шешіледі.
Сондай-ақ, психологтар  Open spase ғимаратында адамдардың өзін еркін сезінетіндігін айтады, яғни бірігіп жұмыс жасау барысында  әркім өз ойын анық жеткізе алады.
Бұл жүйе басшылық тарапына да әлдеқайда қолайлы, себебі қызметкерді бейнекамерасыз сырттай бақылауға болады. Көп кеңселерде әр адам бөлек бір бөлмеде жұмыс істейтіндіктен, бір-бірімен жиі араласа қоймайды. Ал ашық кеңістікте қызметкерлердің мақсаты мен жұмыс тәсілі айқын болғандықтан, ортақ мүдде үшін бірігеді.
Кемшілігі көп емес...
Open spase-те жариялылық пен жауапкершілік болса да, оның бірқатар кемшілігі бар. Айталық, ол жерде әр қызметкердің жеке кеңістігі болмайды. Команда көп жағдайда тату, ұйымшыл болса да әр маманның жеке өмірі маңызды. Жұмыс барысында тұрақты болатын шу, әсіресе біреу телефонмен сөйлескен сәтте, маңызды мәселені келесі бір әріптесімен талқылаған уақытта және компьютер сынды құралдардың дыбысы жұмысқа кедергі болуы мүмкін. Кейде қызмет барысында бірнеше адам жанжалдаса қалса да,  ашық кеңістіктегі барлық атмосфераны қамтиды. Сонымен қоса, Open spase кеңсесінде вирустық аурулардың таралу мүмкіндігі жоғары дейді мамандар.
Тұрғындарға таптырмас мүмкіндік
Облыста алғаш рет «Open spase»  форматында  ашылған Тасбөгет кенті әкімдігінің бүгінде жұмысы қарқынды, ал тұрғындары бұл жүйеге дән риза. Қазір мұндағы қызмеркерлер ашық кеңістікте абыройлы қызмет атқаруда. Осы орайда жоғарыда айтылған  Open spase-тің тиімді тұстарын тағы бір бағамдау үшін әкімдік қызметкерімен тілдестік.
 Дәулет Имаш, Тасбөгет кенті әкімдігі аппаратының әлеуметтік сала маманы:
«Open spase» ‒ қызмет беруші мен алушы арасындағы байланысты нығайтатын жаңа жүйе. Бұл жерде бәрі айқын болғандықтан халық арасында да мемлекеттік мекемеге деген сенімділік күшейеді. Байқағаныңыздай қабырға арасын тек бір ғана әйнек бөліп тұрады, демек құрылыс шығындары үшін бұл әлдеқайда тиімді. Біздің ғимаратта кент әкімі және орынбасарының кеңсесінен бөлек әлеуметтік сала мамандарына арналған бөлме де оpen spase  форматына ауысқан. Себебі қазіргі уақытта республика бойынша әлеуметтік салаға ерекше басымдық берілуде. Өзіңіз білетіндей, республикалық бюджеттің 45 пайызы әлеуметтік салаға аударылады.  Халықтың 70-80 проценті біздің бөлімге келеді, айталық жыл басынан бері бізге 1700 отбасы құжат тапсырды. Тұрғындар бұл жүйені жақсы қабылдады, қазір бұрынғыдай көп кезекті күтіп отырмайды. Атаулы әлеуметтік көмекке құжат дайындау кезінде заңдылығы бойынша әр тұрғынға 30 минут қызмет көрсетілу керек. Осы кезге дейін халықтың басым көпшілігі «неліктен бір тұрғынды ұзақ уақыт бөгейсің?» деп жанжал шығаратын. Open spase-тің тиімділігі сол, тұрғын  қызметкерді ашық әйнектен қадағалап отырады, не үшін жауапты маманның кешуілдеп жатқанын да біледі. Қазір халық «мемлекеттік қызметкерлер біз ойлағандай бос отырмай, еңбектенеді екен» деп   бізге түсіністікпен қарайды. Менің ойымша, бұл жүйенің кемшілігі деп атап өтер тұсы жоқ. Айта кетейін, кент әкімдігі осы форматқа ауысады деген уақытта әлемдік тәжірибедегі қолдану аясын зерттеп көрдік. Open spase ең алғаш 1917 жылы АҚШ-та қолданысқа енгізіліп, кейін Филияндия мемлекетінде бой көтерген деген дерек бар. Ғалымдар ашық кеңістіктегі қызмет сапасының жоғары болатынын дәлелдеген. Ал біздің елімізде 2000 жылдардың басында ғана ашық кеңістіктегі кеңселер салына бастады.     
P.S. Қазақта «бүркеген жерден бит шығады» деген мағыналы тіркес бар.Анығында ашық кеңістіктегі мемлекеттік қызметкерлердің айқын әрі сапалы жұмысы елге сенім мен ерекше серпін берерін осыдан-ақ аңғаруға болады.
02 шілде 2019 ж. 329 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031