Ақмешіт ‒ адалдық алаңы
Бағдат Әбдіқадыров, облыстық мемлекет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз хатшысы:
«Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасы аясында мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және бюрократиялық кедергілерді болдырмау мақсатында мемлекетік органдар мен ұйымдардың жұмысына «Open space» форматын енгізу қолға алынды. Қазіргі кезде облыс әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында орналасқан «Ақмешіт ‒ адалдық алаңы» жобалық кеңсесі осы форматта жұмыс жүргізуде.
Open space қызметкерлердің жұмыс орнын бір ашық алаңда ұйымдастыруға бағытталған. Негізгі жұмыс аймағының визуалды бөлгіштері шыныдан жасалған қабырғадан тұрады. Бұл жұмыс форматы ұжымның ұйымшылдығына, қызметкерлердің коммуникабельдік қасиеттеріне және басшының жұмыс сәтіне қатысуына оң ықпал етеді. Open space форматын жергілікті әкімдіктер арасында бірінші болып Тасбөгет кентінің әкімдігі тәжірибеге енгізді. Қазіргі уақытта облыс бойынша барлығы 20 мемлекеттік орган мен ұйым осындай форматқа көшіп, әйнектелген ашық алаңда жұмыс жасауда. Мәселен Шиелі ауданы осы бағытта айтарлықтай жұмыс атқарып, мемлекеттік органдарды осы форматқа көшіруде белсенділік танытуда. Қазір аудан әкімдігіне қарасты 10 мемлекеттік орган осындай жаңа жұмыс форматында жұмыс жасауда. Open space форматы қоғам алдында мемлекеттік аппарат қызметінің ашықтығын көрсетеді және халық пен биліктің байланысын одан әрі нығайтады. Алдағы уақытта барлық мемлекеттік орган мен ауыл әкімдіктері Open space форматына кезең- кезеңмен ауысатын болады.