» » ПЛАТИНИДЫҢ ЖАЗЫҒЫ БАР МА?

ПЛАТИНИДЫҢ ЖАЗЫҒЫ БАР МА?

2022 жылы мундиальды өткізу мәртебесін Катар елі жеңіп алғалы даудың басы арылмай тұр. Өткен аптада  Еуропалық футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) бұрынғы президенті Мишель Платини жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен тұтқындалды. Бұл туралы Independent басылымы ақпар таратып отыр. Француз полициясы бұрынғы әйгілі футболшыны Париж қаласының шет жағында тұтқынға алған. 2022 жылы футболдан әлем чемпионатын ұйымдастырушылардың ісін зерттеу барысында Платини жемқорлық ісіне араласты деген күдікке ілінген. Еске салсақ, 2022 жылы мундиальды өткізу мәртебесін Катар елі жеңіп алған. Алайда бұл таңдау көпшіліктің күдігін тудырған еді. Былтыр шілде айында BBC телеарнасы басқа елдердің өтінішін жарамсыз ету үшін Катар билігінің PR фирмалар мен Орталық Барлау Басқармасының көмегіне жүгінгені туралы жария етті. Турнирді өткізу құқығын жеңіп алу үшін мундиаль қожайындары  АҚШ, Оңтүстік Корея, Австралия және Жапониямен бәсекелескен. ФИФА бұл іске қатысты зерттеуді екі жылға жуық уақыт жүргізіп, барлық айыптарды теріске шығарған болатын. Ал Платини 2015 жылы желтоқсан айында футболға қатысты іспен айналысу құқығынан 8 жылға айырылған еді. Сондай-ақ жемқорлық ісіне байланысты айыппұл да салынған. Кейінірек ФИФА-ның әдеп комитеті 8 жылды 6 жылға дейін қысқартты.
01 шілде 2019 ж. 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031