» » Зидан Роналдудың артынан "Ювентуске" бармақ

Зидан Роналдудың артынан "Ювентуске" бармақ

"Реалдың" бұрынығы бапкері Зинедин Зидан туриндік "Ювентустың" шақыртуын қабыл алмақ. Бұл туралы Libertad Digital басылымы жазып отыр. Басылымы мәліметі бойынша, франциялық бапкерге клубтың спорт мәселелері бойынша кеңесшісі қызметі ұсынылған. Зидан италиялық клубқа қазанда барады деген болжам бар. Зидан туриндік клуб сапында футболшы ретінде 1996-2001 жылдары өнер көрсеткен. Осы аралықта ол екі рет Италия чемпионы атанды және ел Суперкубогы мен УЕФА Суперкубогын, Құрлықаралық Кубок пен Интертото Кубогын жеңіп алған.  2016-2018 жылдары "Реалды" басқарған Зидан командадан мамырда кеткен болатын. Оның жаттықтыруымен мадридтік клуб Чемпиондар лигасын үш рет қатарынан, УЕФА кубогын және клубтық әлем чемпионатын екі рет, Испания премьер-лигасы мен Суперкубогын ұтқан. Басылым болжамынша, Криштиану Роналдудың италиялық клубқа ауысуы франциялық бапкердің "Ювентусқа" келуіне ықпал еткен.
Алайда испаниялық AS.com газеті "Ювентус" басшылығы Зиданды жұмысқа шақырмақ ниетте емес екенін жазады. Италиялық клуб өкілдері бұл қызметте бұрынғы футболшы Павел Недвед отырғанын мәлімдеген. 
18 шілде 2018 ж. 718 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930