» » Жалағашта ет консервілейтін кәсіпорын ашылды

Жалағашта ет консервілейтін кәсіпорын ашылды

  Жалағаш ауданындағы Таң ауылдық округіне қарасты Жаңақоныс елді мекенінде «АгроЛидер Таң» ЖШС-ның ет бумалау, консервілеу цехы жұмыс істеуде.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асқан жоба. Мұнда күніне 10 ірі қара сойылып, 500 келі ет өңделеді. Цех құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталып, биыл мамырда аяқталды. Ғимаратта мал сою, ет кесу және бумалау бөлмелері, мұздатқыш орналасқан. Жауапты жұмысты ветеринар, технолог, зертханашылар атқарады.
-Біздің өнімді әзірге өңір тұрғындары тұтынуда. Алдағы уақытта нарық ауқымын ұлғайтып, басқа облыстармен байланыс орнатуға бекініп отырмыз, - дейді «АгроЛидер Таң» ЖШС директоры Сәкен Шағыртаев.
08 шілде 2019 ж. 461 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30