МЕКТЕПТЕ БОЛҒАН ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ЖОҚ
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Арал ауданы әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов мәлімдеді.
"Осы жылдың 23 ақпаны күні күндізгі сағат 10:30 шамасында Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округіне қарасты Сорбеткей елді мекенінде орналасқан бастауыш мектебінде өрт шықты. Сол сәтте оқиға орнына ерікті өрт жасағы шұғыл жұмылдырылып, қызыл жалын оқшауланып сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі - мұржадан болған", - деді Б.Жұмағұлов.
Бүгінде ғимараттың зақымдалған жері қайта ретке келтірілді. Оқу процесіне кедергі келмеді.
Айта кету керек, ғимарат 2006 жылы жас мамандарға арналып салынған тұрғын үй болатын. 2010 жылы білім бөлімінің теңгеріміне беріліп, бүгінде бастауыш мектеп боп жасақталды. Онда 13 бала білім алуда.
Әйгерім ӘБДІРАХМАН