"ҚАЙСАР" КЕНШІЛЕРМЕН ҰПАЙ БӨЛІСТІ
Өткен сенбіде футболдан Қазақстан премьер-лигасының 17 туры артта қалды. Бұл турда "Қайсар" өз алаңында "Шахтерды" қабылдады. Кеншілерге қарсы қасқырлар 1 жарым жыл қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген Орталық стадионда ойнауға мүмкіндік алды. 6 жарым мың жанкүйер жиылған стадионда өткен кездесу тартысты өтті.
Ойынның алғашқы жартысында Стойчо шәкірттері жылдам шабуылға көшіп, екі гол соқты. Алдымен бұрыштамадан Иван Граф есеп ашса, 17 минутта Джон Джошуаның көмегімен шабуылшы Куле Мбомбо есепті еселеді. Дегенмен кеншілер бірінші тайм аяқталар тұста есепті қысқартты. Еркебұлан Нұрғалиевтың шірене тепкен добы қақпаның тоғыздығынан табылды. Есеп 2-1! Ойынның екінші жартысы қонақтардың қарқынды шабуылымен басталды. Кездесудің 63 минутында кеншілер есепті теңестіруге мүмкіндік алды. "Шахтердің" шабуылшысы Иван Пешич командасын жеңілістен құтқарды. Бұл есеп ойынның соңына дейін сақталып, қос команда ұпай бөлісуге мәжбүр болды.
"Қайсар" - "Шахтер" - 2:2
Голдар: Иван Граф 17, Куле Мбомбо 29 - Еркебұлан Нұргалиев 35, Иван Пешич 63