Қайда барам?

  Біздің қала мегаполис емес. Ең бастысы осы. Нұрсұлтан мен Алматыға барған кездегі қаланың қарбалас өміріне қарап Қызылорданы осы қалпында жақсы көресің. Үлкен қалада үлкен шаруалар болады. Сағаттап жол кептелісінде тұру жүйке жұқартады. Әсіресе базардағы адамның көптігі шаршатпай қоймайды.
 Бізде басқаша. Кең даңғыл. Көше бойлай бағдаршам. Көлік жүргізушілерінің көзқарасы жылы. Аралайтын орын да жеткілікті. Ең алдымен облыстық музейге соғыңыз. Облысымыздың тарихымен танысып, өлкеден шыққан нар тұлғалар жайлы толық ақпарат аласыз. Ойын-сауық орталықтары да, соңғы үлгідегі мейрамханалар да бар. Егер сіз турист болсаңыз, абыржудың қажеті жоқ. Соңғы экономикалық мәселелерге байланысты Қазақстанда доллар құны сәл көтерілді. Яғни 100 АҚШ долары біздің теңгеге шаққанда 38000-ды құрайды. Бұл ақшамен біраз жерді аралауға болады. Бюджетті турист үшін түрлі асханалар желісі қызмет көрсетеді. Әрі арзан, әрі дәмді. Қала орталығында үш және бес жұлдызды қонақүйлер де бар. Бірер күн қалада болып аудандарды аралауға болады. Қорқыт ата кесенесі, Байқоңыр ғарыш қалашығына саяхатқа аттаныңыз. Экстрималды аймақты қаласаңыз Қарақұм шөлі таптырмайтын жер. Бақбақ секілді кесірткелер мен жыландарды кезіктіресіз. Сонымен қатар Арал теңізіне барып ескі кемелерді көресіз. Бұның өзі тарих. Ең бастысы қалтаға қонымды. Бұл үшін ешкім сізден ақы алмайды. Тек жолға қажетті қаражат болса болғаны. Жазда жан аларлық ыстық болса қыстың суығы сүйектен өтеді. Бұл әлде қайда қымбат әрі алыста орналасқан Араб елдерінен артық жер. Бұл ең бастысы. Егерде қазақтың жеріне саяхаттасаңыз далада қалмайсыз. Кез-келген қазақ сізді құрмет тұтып төріне шақырады. Дәстүр бойынша ет асып қазақ тағамдарынан дәм татудың жолы түседі. Мейірімі шексіз, пейілі ақ қазағымның даласындағы бұл ең басты құндылық.
ДАМИР Амангелді
20 шілде 2019 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30