ӨРКЕНИЕТ ӨРІСІ
Кешегі Қызылорда мен бүгінгі Қызылорданы салыстыруға мүлдем келмейді, шаруа-шамасында шапшаң дамудың ширақ қозғалысы қалыптасқан. Дамуы дилы болса, шаһар шырайының сән-салтанаты да еселене түседі. Соған сай көшелер кеңейіп, жол қозғалысы реттеліп, жарықтанудың эстетикалық жаңалығы жаңғырып жатыр. Келбетінен күн күліп, көркейту-көгалдандыру көркем рең таққан сайын қаланың ортақ мүддесіне халықтың атсалысуы артты. Біткен іс бізді сендірді және ертеңгі сенімді күшейтті.
Рас, қаланың әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске қосу, қолайлы инвестициялық ахуалға көшу барысында адуынды аймақ экономи-касының айшықты үлгісін көрсетіп отыр. Қай қырынан қарасаң да өсу динамикасы, қанат жайған қарқынды істер, қуатты жобалар жүзеге асуда. Бұл табысқа төселген төте жол секілді татымды тірліктің томағасын шешкендей әсер етеді. Ал, табыс молшылықтың мерейі.
Қазір облыста өндірілетін өнімнің басым бөлігі, салынған құрылыс нысан-дарының көпшілігі Қызылорда қаласының үлесінде. Демек, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің артуы, қала бюджетінің өсуі айшық үлгісін көрсетті. Берекелі істің бастауына айналған байыпты бағдарлама «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» аясында қанша азамат тұрақты жұмысқа орна-ласты, қанша тұрғын шағын несие алып, өз кәсібін ашты. Соңғы кездегі ста-тистикалық деректер, облыстағы кәсіпкер қатары 38 мыңнан асып түскенін дәлелдейді.
«Бизнестің жол картасы – 2020», индустриалды-инновациялық даму бағдар-ламаларының шаһар үшін шынайы мүмкіндігі мол болды дей аламыз. Өйт-кені жұмыссыздықты жоюға, кәсіпкерлік көзіне айналған ықпалы белгілі мақсатын байқатып үлгерді.
Рас, қай мәселенің де тетігі қаржыға тіреледі. Қаржысы шешілген іс қомақты, қауқарлы атқарылады. Бүгінгі бақуатты хал-жайымыз баянды бағдарламаларды бағындырудың бағыты дер едім. Себебі, күн санап өріс алған өркениет өрімі сенімді өсіріп отыр.
Жалпы, әлемдегі тарихи қалалардың табиғатына үңілсек, тіпті Орынборды алсақ, шаһардың орналасу реттілігі көне жәдігерлерді сақтаумен ерекшеленеді, жаңа қаланың жобасы өз алдына бөлек салынған. Қызылорда үшін де осындай бағдар бар. Қазір қаланың сәулетті ажары Жалаңтөс баһадүр көшесі бойына шоғырланып, кіреберіс қақпадан келбетті көрініске ене бастаймыз. Ұлы өзеннің жағасына жайғасқан қаланың оң жағалауы жаңа қала статусын иеленеді, әлі де жайқалып, жасарып, жаңара беретіні сөзсіз.
Сәулетті сұлулық сілкініс жасауы мәдениеттіліктің де белгісі. Бұрын көше шамдарын сындырып кету, бүтін затты бүлдіру жастардың үйреншікті әдетіндей еді. Қазір мүлдем басқаша, қаланың қарыштануы қанат жайған сайын сана мәдениеті, патриоттық сезім өсті. Міне, адамды қоршаған ор-таның, өркениет белгілерінің әсері осылай жақсылыққа жетелейді, дамуға дәріптейді.
Әрине, уақыт талабындағы мәселе сан тарау. Тоқшылықтың тартуы тұрмыс салтымызды да келелі белеске көтерді. Ендігі кезекте қоғам алдындағы жекенің жауапкершілігін жоғары қою қажет. Ортақ мүдде ұғымын өрістеткен абзал. Ал, қала осындай қамқорлықты іздейді.
Негізі барлық салада береке бар. Туған қаланың тұғыры табысымен биіктей түссе, қай тұрғын да бұған қуанады. Сол қуаныштан туындаған, арайлы ажарынан кестеленген ой-тілекпен шаһар туралы шындықты жас жігіттің көзімен аңғарғаным осы болды
Ерасыл ШӘРІБЕК