«Зов предков» халықаралық автошеру қатысушылары Достық үйінде қонақта
Бүгін Қызылорда қаласындағы Достық үйінде 9 шілдеде Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеу қаласының Қызыл алаңынан бастау алған «Зов предков» халықаралық автошеруі қонақта болды.
Автошерудің негізгі мақсаты – Ресей Федерациясындағы көпэтносты халқының азаматтық бірлігін нығайту және Ресейдің Өзбекстанмен, Қазақстанмен, Моңғолиямен, Қытаймен, Корей Республикасымен халықаралық байланысын дамыту. Халықаралық автошеру өткізу Еуразия кеңістігінің мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынасын орнату үшін, экономикалық, мәдени және гуманитарлық серіктестікті кеңейту үшін өте маңызды. Экспедицияға қатысушылардың арасында ресей және корей қоғамдық мекемелерінің басшылары, саяхатшылар, блогерлер, тілшілер және фотографтар, жүріп өтетін бағыттағы барлық мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстан Республикасының өкілдері бар. Ұйымдастырушылар: Мәскеу қаласы Үкіметінің қолдауымен «Ассамблея народов России» жалпыресейлік қоғамдық мекемесі, «Ассамблея народов Евразии» үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық одағы. Арнайы жабдықталған 10 көлік жеті мемлекет аумағын, соның ішінде Солтүстік және Оңтүстік Кореяны, барлығы 30 мың километр жерді аралайды ( бағыты Мәскеу – Ташкент – Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батыр – Пхеньян – Пекин –Сеул–Мәскеу).
Автошеру қатысушылары Достық үйінің қызметімен және мұражайымен танысты. Қонақтардың қатысуымен «Бірінші март қозғалысының 100жылдығы» атты баспасөз-конференциясы ұйымдастырылды. Баспасөз-конференциясынан кейін автошеруге қатысушылардың Корей халқының батыры Хон Бом Доның ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясы баспасөз қызметі