» » Назарбаев шетелдіктерге арналған Қытайдың жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды

Назарбаев шетелдіктерге арналған Қытайдың жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Достық орденімен марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеп. 

Сонымен, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путиннен кейінгі екінші шетелдік көшбасшы атанды.
Айта кетсек, Достық ордені – шетел азаматтарына берілетін Қытайдың жоғары мемлекеттік наградасы. Бұл марапат Республика орденінен кейінгі екіншісі және басқа елдердің өкілдеріне берілетін бірінші награда болып табылады.
Достық орденін Қытайдың социалистік жаңғыруына, елдің әлеммен және әлемдегі бейбітшілікті қолдаудағы байланыстар мен ынтымақтастыққа ықпал ететін көрнекті қызметтер үшін береді.
Өз кезегінде, Назарбаев Си Цзинпинге қонақжайлылық пен жылы қабылдау үшін алғысын білдірді. Ол Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Қытаймен өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа қол жету үшін жұмыс істегенін атап өтті.
Сондай-ақ, Қытайдың бізге тек көрші және экономикалық серіктес қана емес, сонымен бірге ел сенім артатын және сүйенетін «жақын досы» екенін де атап айтты.

26 сәуір 2019 ж. 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930