» » Байқоңыр: маңызды мәселелер пысықталды

Байқоңыр: маңызды мәселелер пысықталды

  Өткен сенбіде облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Байқоңыр қаласына жұмыс сапарымен барды. Онда «Роскосмос» мемле­кет­тік корпорациясының Бас директоры Дмитрий Рогозинмен кез­десті және  бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Кездесу барысында Байқоңыр қаласының дамуына бағытталған ынтымақтастық және өзара келісім мәселелері талқыланды. Тараптар шілде айының соңында Мәскеуде өтетін «Байқоңыр» кешені бойынша үкіметаралық комиссияның VI отырысына облыс әкімдігі ұсынған мәселелерді енгізу туралы айтты. Сонымен қатар, Байқоңырдың ұзақ мерзімді даму бағдарламасына қол қою, кешенде еркін экономикалық аймақ құру, қала тұрғындарының бас­панасын жекешелендіру, қала­ға кіру тәртібін жеңілдету, ком­му­­налдық қызмет тарифтерін төмен­дету, сондай-ақ, білім беру стан­дарттарына қатысты мәселелер қарастырылды. Кездесудің қоры­тындысы бойынша тараптар ке­шенді мәселелерді талқылау және шешу үшін алдағы уақытта да осын­дай іскерлік  кездесулерді ұйымдастыруға келісті.
Аймақ басшысы алдымен 1200 орындық №277 орта мектепте болды. Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова қазақстандық білім стандартымен оқытылып жатқан мектептердің алдағы оқу жылына әзірлігін баян­дады. Мұнан соң облыс әкімі 7 шағын ауданында салынып жатқан 50 пәтерлік 5 тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Жауапты тұлғаларға абаттандыру, қаланы газдандыру, инженерлік желілерді қайта жаңғырту және тұрғын үйлердің құрылысын одан әрі жалғастыруды тапсырды.
«Тұрғын үйлердің ауласын абаттандырып, тиісті жұмыстарды тамыз айында аяқтау керек. Ең бастысы, жұмыстар сапалы жүргізілсін», – деді Қуанышбек Досмайылұлы.
Келесі кезекте 120 орындық Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасы назарға алынды. 2017 жылы пайдалануға берілген емдеу мекемесінің ғимаратында қабылдау бөлімі, жалпы терапия және қалпына келтіру бөлімшесі, күндізгі стационар, амбулаториялық емхана орналасқан. Мұнда 26443 ересектер, 14586 балалар мен жасөспірімдер тіркелген.
Сонымен қатар, облыс әкімі «Нулевой квартал» қонақ үйіне және бұрынғы Байқоңыр медициналық техникум ғимаратына барып, қазіргі жағдайымен таныс­ты. Оларды жалдан шығару және басқарманың теңгеріміне беру мәселелері талқыланды.
«Жалдан шығару мәселесі бо­йынша және бос тұрған ғимарат­тарды жөндеп, пайдалану үшін тиісті ұсыныстар берілсін. Мәселені қарап, шешім қабылдаймыз», – деп атап өтті облыс әкімі.
23 шілде 2019 ж. 607 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031