» » Қазақстанда тұтыну несиелерін беруге қатысты талап күшейтіледі

Қазақстанда тұтыну несиелерін беруге қатысты талап күшейтіледі

  Елімізде тұтыну несиелерін беруге қатысты талаптар күшейтілмек. Яғни екінші деңгейлі банктер бұдан былай жалпақ жұртқа кепілсіз несиені оңды-солды бере бермейді. Жаңа талаптар қыркүйекке дейін заңға енгізілмек деп хабарлайды КТК арнасы.
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың сөзінше, қарыз бойынша, төлемдерден кейін отбасының қалыпты өмір сүруіне қаражат қалуы үшін азаматтардың борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде қарыз алушының барлық міндеттемелері, оның төлем қабілеттілігі және әлеуметтік мәртебесі есепке алынатын болады.
Ұлттық банк осылайша екінші деңгейлі банктердің азаматтарға несие беру тәртіптерін біраз қатаңдатып отыр.
Мәселен, несиені алғаннан кейін ол адам банкке берешегін уақыты төлеп тұра ала ма, ақшаны төлегеннен кейін қалған ақшасы тұрмысына жете ме деген сұрақтар жіті тексерілмек.
Сонымен қатар банк азаматтарға қарыз берерде отбасындағы кәмелетке толмаған әр балаға тиесілі ең төменгі күнкөріс мөлшері отбасылық кірістен шегерілмек. Ұлттық банк алдағы қыркүйекте заң актілеріне осындай түзетулер енгізуді көздеп отыр.
Ерболат Досаевтың айтуынша, мұның бәрі азаматтарға шектен тыс несие беруді доғару үшін қолданылып отыр.
Сондай-ақ, Ұлттық банк жұрттың банктер алдындағы берешегінің тым өсіп кетпеуін қамдап жатыр. Сол үшін жыл соңына дейін онлайн-несие берушілер, несиелік серіктестіктер және ломбардтардың жұмысын реттеп, қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылдамақ.
24 шілде 2019 ж. 848 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031