«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ
Облыстық Полиция департаменті «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.Шара халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған.
Облыс тұрғындарымен кездесуде департамент бастығының орынбасарлары, Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция басқармасы, тіркеу-емтихан қабылдау және жол-техникалық инспекция бөлімшелерінің басшылары арнайы автобустарда халықты жеке қабылдады. Акция барасында халыққа ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ онлайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы кеңестер берді. Қабылдау жеті ауданда және Байқоңыр қаласында да өтті.
Облысы Полиция департаментінің
баспасөз қызметі