» » МӨРӘЛІ ШӘМЕНОВ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

МӨРӘЛІ ШӘМЕНОВ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, М.Шаменов атындағы ауылда жаңа құлшылық үйі ашылды, - деп хабарлады ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.
Мешіттің ашылу салтанатында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек Ұласқанұлы, облыстық мәслиxат xатшысы Наурызбай Байқадамов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, Өмірбек Шәменов сөз алып, xалқымызды имандылыққа тәрбиелеуде мешіттің алар орны ерекше екендігін атап өтті.
Жиылған халық 70 адамға шақталған жаңа мешіт ішінде жамағат болып намазын оқыған соң, облыстық «Ақмешіт-сырдария» орталық мешітінің ұстазы, қари М.Абжалелов құран оқып, Өкіл имам еліміз, дініміз үшін дұға тілеп, Аллаға шүкіршілік етті.
Кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен салынған мешітке еліміздің ауылшаруашылығын дамытуға сүбелі үлес қосқан жандардың бірі – соғыс және еңбек ардагері, ауылшаруашылық саласының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовтің есімі берілді.

29 шілде 2019 ж. 782 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031