ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ
Қасиетті жұма күнінде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданына қарасты Манап ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті.
Мешіттің ашылу салтанатының қадірлі қонақтары ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлы, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов пен аудан әкімі Ғ.Әмреев аудан жұртшылығын қатар келіп жатқан мерекелерімен құттықтап, мешіттің лентасын қию мәртебесіне ие болды.
Сыйымдылығы 150 адамға арналған жаңа құлшылық үйінде Өкіл имам «Дені саудың жаны сау» тақырыбында уағыз айтты, жамағатпен алғашқы жұма намазын оқып, Аллаға шүкіршілік етіп дұға жасады.
Бұдан кейін, ауданда Манап Көкеновқа 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған мәдени шарамен қатар, Жаңақорған ауданының 90 жылдық мерекесінде Сунақ ата ауылындағы "Сығанақ" қалашығының ашылуына қатысты. Аталмыш мереке күніне орай, аудандық мешіттің Бас имамы С.Омаров өкіл имам Болатбек Ұласқанұлына құрмет медалін тақты.