» » ҚАРМАҚШЫДА ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА

ҚАРМАҚШЫДА ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА

Бүгін 08 сағат 57 минут шамасында Шымкент-Самара тас жолында орналасқан «Оазис» кафесі тұсында жол көлік оқиғасы орын алған.
Орын алған оқиға бойынша «Оазис» кафесінен шығып келе жатырған Mercedes-benz мемлекеттік нөмірі K643OCB/13 жүк көлігі тіркемесі бар Шымкент-Самара тас жолында келе жатырған Toyota Еstima 7 орындықты жеңіл автокөлігімен соқтығысқан.
Mercedes benz жүк көлігінің жүргізушісі Нұржан Тәуірбай Жүнісұлы 1962 ж.т Түркістан қаласы, Желтоқсан көшесі №11 үй тұрғыны.
Toyota Еstima автокөлігінде Қырғызстан Республикасының 8 азаматы болған. Оқиға салдарынан 4 адам қайтыс болған. 4 азамат Жосалы кентіндегі аудандық ауруханаға жатқызылған. Жағдайлары орташа ауыр. Автокөліктің мемлекеттік номері kz 04962 ASK.
Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтау жұмыстарын жүргізуде. Қайтыс болған және ауруханаға жатқызылған азаматтардың мәліметтері анықталып, қосымша хабарлама берілетін болады.

Қармақшы ауданы әкімінің аппараты
01 тамыз 2019 ж. 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930