» » АСҚАЗАНЫНАН 1,6 КГ. ӘШЕКЕЙ ТАБЫЛҒАН

АСҚАЗАНЫНАН 1,6 КГ. ӘШЕКЕЙ ТАБЫЛҒАН

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында тұратын 22 жастағы бойжеткен ішінің қатты ауыруына шағымданып, дәрігерге барған. Рентген корытындысы қыздың асқазанында көптеген әшекей-бұйымдар жатқанын көрсеткен деп хабарлайды УНИОНсайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Руни Хатун іші қатты ауырып, әр тамақ ішкен сайын жүрегі айни берген соң ауруханаға келген.
Дереу ота жасаған хирургтар қыздың асқазанынан бір жарым келідей өте қымбат әшекейлерді - 69 алқа, 80 сырға, 46 тиын, 8 медаль, 11 мұрынға арналған сақина, 5 білезік пен сағат алған.
Дәргерлердің айтуынша, бұйымдардың жалпы салмағы 1,6 келі болған. Ал бағасы 53 мың фунт стерлинг, яғни 24 млн 862 мың теңгені құраған.
Ал қыздың ата-анасы дәрігерлерге бірнеше уақыттан бері үйіндегі бұйымдары жоғала бастағанын, оны қызынан сұраса ол тек жылайтынын айтқан.
Дәрігерлер емделушіні психиатрға жіберген.
01 тамыз 2019 ж. 617 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031