Сегізінші сынып оқушысы босанғанға дейін өзінің жүкті екенін білмеген
Сегізінші сынып оқушысы үйінде босанып қалған. Ол босанғанға дейін жүкті екенін білмепті. Оқиға Мәскеуде орын алған.
Бұл туралы «Московский комсомолец» басылымына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.Басылым мәліметінше, 14 жастағы оқушы қыздың ата-анасы да, өзі де жүкті екенін білмеген. Ол 8 сәуірдің түнінде анасын оятып, іші ауырып тұрғанын айтыпты. Ата-анасы жедел жәрдем шақырып, арада жарты сағат өткеннен кейін салмағы 2 100 келі болатын сәби дүниеге келген. Артынша жас ана мен сәбиі перзентханаға жеткізіліпті.
Оқиғадан кейін қыздың ата-анасы полиция бөлімшесінде жауап берді. Олар қыздарының жақсы оқығанын, полиция мектебіне түсуге дайындалып жүргенін және наурыз айының соңында мектепте медициналық тексеруден өткенін айтыпты. Ол кезде дәрігерлер қыздың жүкті екенінен күмәнданбаған көрінеді.
Сонымен қатар қыздың анасы оның етеккірі де уақытылы болғанын айтады.
Десе де қыздың ата-анасы белгісіз себептермен сәбидің әкесін анықтаудан бас тартты.
Белгілісі, оқушы қыздың әжесі жаңа туған сәбиді өз қамқорлығына алған.