Депутат кінәлі болып шықты

Қонақ үй қызметкерлері адамдар шомылған бассейн суын көлге ағызып отырған. Көлге судың Ақши жақтан келгені анықталды. Қонақ үй иесі қалалық мәслихатының депутаты болып шықты.
Ол судың көлден алынатынын, көпшілік шомылған соң қайта көлге құйылатынын айтты. Ешқандай химиялық зат қосылмағандықтан, зиянсыз деп сендірді.
ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин ешқандай қауіп жоқ екенін, судың кәріз суы емес, бассейн суы екенін айтты. Оқиға орнына комитеттің мамандары барып, тексеру жүргізбек.
Бұған дейін желі қолданушылары судың жағымсыз иіс екенін айтып даурыққан еді. Көлге құйылған құбыр суы жұрттың наразылығын тудырды.