» » Жас ғалымдар жетістігі

Жас ғалымдар жетістігі

БРИФИНГ
Елбасы жолдауы білім, ғылым саласын дамытуға айтарлықтай үлес қосуда. Оған дәлел Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың сандық ақпараттық технологияға көшіп, үздік түлектерді шетелдік жоғарғы оқу орындарына университеттің қаржысы есебінен магистратура, аспирантура мамандарын даярлауды жолға қойды.
– Қорқыт ата атындағы ҚМУ өз шәкіттерін Ресейдің жетекші оқу орындарында білімін жетілдіруге мән беруде. Мен де білімімді жетілдіру мақсатында Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінде робототехника бойынша докторантурада білім алдым. Ғылыми бағытымда қойылған мәселелер мен шешімдер осы жолдаудың негізгі міндеттеріне кіргеніне қуандым. Өйткені жаңа технологиялар еліміздің жас мамандарын жылдам әрі сапалы жұмыс істеуіне, әлем бойынша қазақ елін IT бағыты бойынша жаңа көрсеткіштермен танылуына ықпалы зор, – деді Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Сәбит Ибадуллаұлы.
  Аймақтағы жетекші білім беретін оқу ордасы студенттердің сапалы білім алумен  уақытын үнемдеу мақсатында «E-univer» порталы арқылы оқу үрдісін автоматтандырған. Бұдан бөлек, университет IT бағыты бойынша жұмыстарды жүйелейтін Кеңес құрылып, өз жұмысын жүргізуде. Аймақ басшысы да жастардың сандық технологияны меңгеруіне жағдай жасауда. Мәселен, аймақтың сол жағалауынан IT орталық салынып, биыл пайдалануға берілмек. Сонымен қатар университет базасында инжинирингтік орталық ашылады.
Университет мамандары роботехника саласын дамыту бағыты бойынша қазақстандық робототехникалық федерациямен осы салада мамандар даярлау мақсатында меморандумға қол қойылды. Бүгінде «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының студенттері құрастырған «Ақтөс» роботы Жапония еліндегі роботтар сайысына қатысып, қазылар алқасының ықыласына бөленді. Университет ұжымы студенттердің теорияда алған білімін тәжірибеде ұштастыру мақсатында облыс әкімдігі мен Microsoft компаниясы арасындағы меморандумға сәйкес, оқу орны базасында бірлескен ғылыми тәжірибелік жұмыстар жүргізуде Microsoft академиясы ашылады. Ал аймақтағы ақпараттық технологияларға қызығушылығы бар жастарды біріктіру мақсатында «Hack Day» байқауы ұйымдастырылды. Онда Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың студенттері IT бағытындағы жобаларын ұсынып, жүлделі орындарға ие болды.  
– Бүгінде университеттің жас ғалымдары жасанды интеллект бағытындағы зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар университет базасында «Бизнес-старт» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығы ашылды. Бүгінде бұл орталықта білім алушылардың 14 инновациялық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде университет студенттерінің идеяларын толыққанды жүзеге асыруға жол ашады. Бүгінде орталықта мектеп оқушылары мен колледж студенттері бірлесіп тың жобаларды бірге жүзеге асырады, – дейді Қоқыт ата атындағы ҚМУ-дың Ақпараттық технологиялар және ғылыми жұмыстарды коммерцияландыру басқармасының бастығы, техника ғылымдарының кандидаты Қуаныш Дәуренбеков.
Іргелі оқу ордасының IT саласын дамыту бағытында атқарған жетістігі зор. Алдағы уақытта Елбасы жолдауынан туындайтын басымдықтарды ескере отырып, жаңа технологияларды игеріп, ел игілігі үшін қызмет етпек.  
18 қаңтар 2018 ж. 1 059 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031