» » Бала күтуші көз жұмды

Бала күтуші көз жұмды


Бала күтуші өртенген үйге кіріп көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі AsiaOne басылымына сілтеме жасап. Малайзияның Джохор штатында бір әйел екі баланы құтқару үшін жанып жатқан үйге кіріп, қайтыс болды.
Қарауындағы балалар ұйықтап жатқанда, 59 жастағы күтуші дүкенге таңғы ас сатып алуға барған. Қайтып оралғанда үй өртеніп кеткен. Үйдің ішінде екі қыз, оған қоса күтушінің немересі қалып қалған. Әйел балаларды құтқаруға асыққанымен, жанындағылар бұлай жасауына рұқсат бермеген. 
Күтушінің 31 жастағы баласы жанып жатқан үйге кірді. Алайда ол өрттің кесірінен балалар жатқан жатын бөлмеге кіре алмаған. Ер адам басқа жол іздеп жатқанда, анасы дымқыл сүлгімен басын орап,  қыздардың артынан жүгіреді. Ал ұлы жол тауып кірген кезде күтуші балаларды өрттен қорғап отырған. 
Қыздардың бірі аман-есен, ал екіншісі аяғын күйдірген. Бала күтушісінің денесінің 80 пайызын, соның ішінде бетін, кеудесін, артқы жағын, қолдары мен аяқтарын күйік шалған. Бірнеше сағаттан кейін күтуші ауруханада қайтыс болды. Өрттің себебі әзірге анықталмаған.
02 тамыз 2019 ж. 791 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031