» » ӘСКЕРИ БОРЫШТЫ ӨТЕУГЕ ШАҚЫРДЫ

ӘСКЕРИ БОРЫШТЫ ӨТЕУГЕ ШАҚЫРДЫ

      12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай "Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру" жобасы аясында әскери борышты өтеуді насихаттауға бағытталған вайндар байқауы өтті.
         Вайндар байқауына облыс бойынша 6 вайнерлер тобы қатысып, 9 вайн ұсынылды.         Нәтижесінде Қызылорда қаласының тұрғыны Ерлан Ақылбекұлына, Қасым Сабыржанға, Қармақшы ауданының тұрғыны Бекматов Нұрасылға арнайы алғыс хаттар табысталды. Ал байқаудың арнайы "Үздік әртістік шеберлік" номинациясымен Байқоңыр қаласының "Бір үйдің балалары" вайнерлер тобы, "Үздік идея" номинациясымен Жалағаш ауданының жастары және қала тұрғыны Болат Нұрперзент "Үздік вайн" номинациясымен марапатталды. Жеңімпаздарды марапаттау 12-тамыз Халықаралық жастар күні қарсаңында қалалық мәдени-демалыс паркінде өткізілген "Your time" мерекелік кешінде өтті.
         Вайндар байқауына "Қолөнер" ұлттық нақыш орталығы және Жалағаш ауданының "Фарида" шаруа қожалығы қолдау көрсетіп, байқау жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар ұсынды. Шараны облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы негізінде "Кәусар" мамандар орталығы" қоғамдық бірлестігімен және "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырған.
Гүлбану МАҚАЖАН
 
14 тамыз 2019 ж. 717 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930