"Отырып қалмасам болар еді": Ерке Есмахан жеке өмірі туралы

"Негізі уақыт зымырап жатыр. Ойлап көріңіздерші! Әне-міне дегенше, жаз бітіп қалды. Шамалы ғана уақыттан соң, қалың киініп ап, сықырлатып қар басып, жаңа жылға дайындалып жүреміз! Бәрі жақсы ғой, бірақ биылдан қалдым мен, ең болмаса келесі жылы отырып қалмасам болар еді суреттегідей! Бірақ, отырған Ерке орнын табар деп жұбатып қойдым өзімді! Дұрыс емес пе?" - дейді Ерке Есмахан.
Желідегілер өнер иесін жұбатып, оның әлі жас, әдемі екенін жарыса жазған. Тағдыр жақсы ер адаммен жолықтырсын деп тілек білдірді олар.
"Антонио бар ғой", "Жыл біткенше әлі біраз уақыт бар, қорқпасаңшы", "Атырауға күйеуге шығамын десең, 10 минуттан кейін алып кетемін", "Өте әдемі қызсыз. Бұйырса келесі жылы тұрмысқа шығып, тойыңызға барайық", - десті жұрт.