» » Жұлдыз-жорамал

Жұлдыз-жорамал

   Тоқты
Жаңа аптада керемет мүмкіндікке жол ашылмақ. Арманыңызға апарар бағытыңыз дұрыс, енді соған жетуге нақты жолды табу ғана қалды. Денсаулығыңыз үшін жаңа әдістер енгізіп, салауатты өмір салтына көңіл бөліңіз. Уақытыңызды тиімді өткізіңіз.
      Торпақ
Барынша көңілді әрі кішіпейіл болуға талпыныңыз. Тек сонда ғана ісіңіз алға басады. Көптің көзіне қандай да бір кері істеріңізбен көрініп қалмауға тырысыңыз. Бәріне де мұқият болыңыз.
      Егіз
     Бақталастың қарсылығына тап боласыз, бірақ алдыңызда қасқайып күтіп тұрған қиындықты оңай шешесіз. Достарыңызбен көңілді кешке барып, өзіңізге жаңа өмірдің есігін ашасыз.
Шаян
Болашағыңызға нақты жоспар құрып алыңыз. Жақын арада беделіңіз өсуі мүмкін. Достарыңыздың ақыл-кеңесіне құлақ асыңыз. Жалғыздықта қалып, ойлануыңызға болады. Ең бастысы уақытында шешім қабылдаңыз.
Арыстан
Үлкен нәтижеге жету үшін көп күш жұмсау керектігі айдан анық. Сондықтан қолға алған ісіңіздің барынша нәтижелі болуын қаласаңыз, аянып қалмаңыз. Алтын уақытты қадірлеп, әрбір сәтті тиімді жұмсай біліңіз.
       Бикеш
     Жеке өмірде ашулану, еркелеу сынды мінезден аулақ болыңыз. Өзгелердің пікіріне қосылуға міндетті емессіз. Бастысы, қолыңыздан көп іс келетініне алдымен өзіңіз сеніңіз.  Бір істі оңай орындай алсаңыз, қуаныңыз. Жаңа іспен айналысудан бас тартпаңыз.
      Таразы
      Игі істер атқаруға қолайлы сәт. Жаңа жобаларды қолға алыңыз. Оларды тез арада игеріп әкететініңізге күмәніңіз болмасын. Осы арқылы мақсатыңыз айқындала түседі. Тез арада болмаса да, көздегеніңізге жететініңіз анық.
    Сарышаян
   Қаржылық жағдайды реттегіңіз келсе, бір істі қолға алмас бұрын асыра сілтеп жібермеуді ойлаңыз. Өйткені оның да өзіндік кері әсері жетерлік. Сезімге бой алдырып, көз жұма тәуекелге барудан аулақ болыңыз.
      Мерген
     Аптадағы көңіл-күйіңізді ештеңе бұза алмайды. Жұмыста табысты болуға мүмкіндік туып тұр. Ол үшін өзіңіздің кәсіби маман екеніңізді дәлелдеуіңіз қажет. Яғни берілген тапсырманы толық орындап шығыңыз.
       Тауешкі
      Жұмысыңызды бірыңғайлап, бастаған шаруаны соңына дейін жеткізіңіз. Бұрын жіберген қателіктерді түзеу үшін біраз еңбектену керек. Аптада өзіңізге деген сенімділігіңіз зор болмақ.
Суқұйғыш
    Бойыңыздағы күшіңізді бекер жұмсамаңыз. Бәрі өз ретімен болмақ. Қызметте абыройыңыз артып, мақтауға кеңелесіз. Қандай да бір дау-дамайлы әңгімеден алыс жүріп, оны тек сырттан бақылағаныңыз дұрыс.
   Балық
      Аптада айтарлықтай өзгеріс болмайды. Бірақ сіз атқаруға тиіс жұмыстар көп. Олардың барлығы бірдей қиын емес, керісінше көпшілігін қызығушылықпен атқарасыз.

23 тамыз 2019 ж. 763 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930