» » Жұлдыз-жорамал

Жұлдыз-жорамал

(7-13 наурыз)

Тоқты
   Қаржылық жағдайыңыз біраз қыспаққа алуы мүмкін. Сондықтан қалтадағы қаржыны қанағат тұтып, оңды-солды жұмсауға болмайтынын есте ұстаңыз. Аптаны жанұяңызға арнап, жақындардың жанында болыңыз.
Торпақ
  Бойыңыздағы күшіңізді бекер жұмсамаңыз. Бәрі өз ретімен болмақ. Қызметте абыройыңыз артып, мақтауға кеңелесіз. Қандай да бір дау-дамайлы әңгімеден алыс жүріп, оны тек сырттан бақылаған дұрыс.
Егіз
Достың да досы бар екенін есте ұстаңыз. Амал дос пен адал досты ажырата біліңіз. Тек сонда ғана ісіңіздің оңды боларына сенім мол. Жаныңызда тіреу болар адамдардың жүргенін білу де бір ғанибет. Көп адамға сеніп, ішіңіздегіні ақтарып салудың қажеті жоқ. Жағдайға қарай көсілген жөн.
Шаян
   Болашаққа тек оңды көзқараспен қарап, бәрінің де жақсы болатынына сеніңіз. Айналаңызда орын алып жатқан жайттарға мұқият болыңыз. Ұсақ-түйектен де үлкен мәселенің шығуы мүмкін екенін есте ұстаңыз.
Арыстан
   Қандай құпия болмасын, оның ашылар, аян болар күні бар. Сондықтан жасырған шындығыңыз бір күні жарыққа шығары сөзсіз. Оны ұмытпаңыз. Құпия сақтап, уайымдап жүргенше, оны айтып, арқаңыздағы жүктен арылған өзіңізге пайдалы.
Бикеш
   Өткен істі қазбалаудың орны жоқ. Одан да жаңаға бет бұрыңыз, бүгінгі күнмен өмір сүріп, болашаққа жоспар жасай білуге дағдыланыңыз. Өткен өміріңізден қандай да бір жағымсыз естелік болатын дүниелерді ойланбастан лақтырып тастаңыз. Алдыңызға қойған мақсатқа қарай ұмтылыңыз.
Таразы
  Кез келген тәуекелге дайын болыңыз. Бұл да ерлік, бұл да жағымсыз жағдайдан шығудың бір жолы. Апта қарбалас болатындықтан бәріне де үлгеру үшін алдын ала жоспар жасап алған жөн.
Сарышаян
   Қаржылық жағдайды реттегіңіз келсе, бір істі қолға алмас бұрын асыра сілтеп жібермеуді ойлаңыз. Өйткені оның да өзіндік кері әсері жетерлік. Сезімге бой алдырып, көз жұма тәуекелге барудан аулақ болыңыз.
Мерген
     Айналадағылардың қас-қабағына қарауға тура келеді. Сондықтан әр ісіңіз бен сөзіңізге барынша мұқият болған абзал. Жақындардың жанын ауыртпауға тырысыңыз. Қолыңыздан келгенін аямаңыз.
Тауешкі
    Сақ болыңыз, сіздің бақытыңыздың мазасын кетірушілер пайда болады. Уақытыңызды отбасыңызға арнаңыз. Балаларыңызбен бірге уақыт өткізіңіз.
Суқұйғыш
   Барынша жұмсақ, кішіпейіл болуға талпыныңыз. Тек сонда ғана ісіңіз алға басады. Көптің көзіне қандай да бір кері істеріңізбен көрініп қалмауға тырысыңыз. Бәріне де мұқият болыңыз.
Балық
Арманыңызға қойған бағытыңыз дұрыс, енді осыған жетуге қысқалау жолды табу ғана қалды. Денсаулығыңыз үшін жаңа әдістер енгізіп, өжеттеніңіз. Сүйгеніңізге көңіл бөліңіз, бір жаққа серуендеуге барыңыз. Уақытты тиімді өткізіңіз.



07 наурыз 2019 ж. 881 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031