» » Жұлдыз – жорамал

Жұлдыз – жорамал

  Тоқты
   Аптада еңбегіңіздің жемісін көресіз. Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсарып, жаныңыз жайдарыланып бір сергіп қаласыз. Дүкен аралап киіміңізді жаңартуға да қолайлы уақыт.
Торпақ
    Аптаның басы қауырт тірлікпен басталғанмен, ортасына қарай барлығы реттеледі. Кездейсоқ кездесу сәттілік әкелгелі тұр.
Егіз
   Алға қойған мақсаттың жүзеге асуы қоршаған ортаға тікелей байланысты. Табысқа жету үшін өзге біреулермен серіктес болыңыз. Ол сізге қуанышты жаңалық әкеледі.
Шаян
    Үлкен нәтижеге жету үшін көп күш жұмсау керектігі айдан анық. Сондықтан қолға алған ісіңіздің барынша нәтижелі болуын қаласаңыз, аянып қалмаңыз. Алтын уақытты қадірлеп, әр сәтті тиімді жұмсай біліңіз.
Арыстан
   Өмірлік серігіңіз туралы жағымсыз жаңалық естігенде, қызбалықпен әрекет жасамаңыз. Алдымен сабыр сақтап ойланып алсаңыз, өтірік пен шындықты бірден айыра аласыз.
Бикеш
      Жоспарланған жұмыстарыңыз толығымен іске аспас, бұл сіздің кінәңіз емес. Маңызды кездесулерді кейінге қалдыруға мәжбүр боласыз. Есесіне жаңа жаңалықтар естисіз.
Таразы
     Болашағыңызға жоспар құрып алыңыз. Беделіңіз өсуі мүмкін. Достарыңыздың ақыл-кеңесіне құлақ асыңыз. Жалғыздықта қалып, ойлануыңызға болады. Ең бастысы6 уақытында шешім қабылдаңыз.
Сарышаян
     Бақталастардың қарсылығына тап боласыз. Бірақ алдыңызда қасқайып күтіп тұрған қиындықты оңай шешесіз. Достарыңызбен көңілді кешке барып, өзіңізге жаңа өмірдің есігін ашасыз.
      Мерген
   Аптада жұмысқа көп көңіл бөліңіз. Істелмей қалған тірліктерді де реттеп алыңыз. Сонда ғана жолыңыз болмақ.
Тауешкі
   Жеке өмірде ашулану, еркелеу сынды мінезден аулақ болыңыз. Өзгелердің пікіріне қосылуға міндетті емессіз. Бастысы, қолыңыздан көп іс келетініне сеніңіз.
 Суқұйғыш
     Сіздің мейірімділігіңіз өзгелерге күн нұрындай шашылады. Өзіңіз де жаныңызға жылу сыйлайтын жанмен жолығасыз.
Балық
    Бір істі оңай орындай алсаңыз, қуаныңыз. Жаңа іспен айналысудан бас тартпаңыз. Алдыңызда тек жақсы күн күтіп тұр.



05 сәуір 2019 ж. 1 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031